«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушылар пойызының қатынасы тоқтатылған, кідіртілген кезде жол жүру құжатын (билетін) қайтару шарты туралы хабарлайды.
Пайдаланылмаған жол жүру құжатын (билетті) қайтарғаны үшін төлем және пойыздың кідіртілгені үшін өтемақы ҚР темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.
1. Пойыз кешіккен кезде:
- 1 сағаттан артық кешігіп келетін пойызбен жол жүруден бас тартқан жолаушыларға жол жүру құны толық қайтарылады, бірақ жолаушылар пойызы билетте көрсетілген станциядан жөнелтілгенге дейін;
- жолаушы жол жүру барысында жол жүруін тоқтатқан кезде, жол жүру құны жүрілмеген қашықтық үшін төленеді;
- Ұлттық тасымалдаушының жолаушылар пойыздары кешіккені үшін жолаушыларға кідірістің әрбір толық сағаты үшін жол жүру құжаты (билет) құнының үш пайызы мөлшерінде, бірақ жол жүру құжатының (билет) құнынан аспайтын мөлшерде өтемақы төленеді.
Өтемақыны «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларынан алуға болады. Жеке тасымалдаушының жолаушылар пойызымен жол жүрген жолаушылар өтемақы алу үшін жеке тасымалдаушының әкімшілігіне жүгінуі тиіс.
2. Жолаушылар пойызын ауыстыру кезінде:
Жолаушылар пойызын/вагонын төменгі санаттыға ауыстырған кезде жолаушыларға жол жүру құнының айырмасы төленеді, ал жоғары санаттыға ауыстырылатын болса, жолаушылардан қосымша ақы алынбайды.
Төменгі санатқа ауыртырылған жолаушылар пойызымен/вагонымен жол жүруден бас тартқан жолаушыларға жол жүру құнын толық қайтарылады.