Біздің bilet.railways.kz веб-портал банктік картаны пайдалана отырып, жеке тұлғалар үшін электрондық т/ж билеттерін онлайн ресімдеу және төлеу бойынша қызметті ұсынады.
Біздің сайтта электрондық жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатып алу арқылы Сіз төменде көрсетілген барлық шарттармен келісесіз.
Сіз сайт пайдаланушысы ретінде, өзіңіздің құқықтарыңыз бен әрекет қабілеттілігіңізді, қаржылық мүмкіндіктеріңізді растайсыз, сондай-ақ осы Офертаның қорытындысы нәтижесінде Сізге жүктелген міндеттемелер үшін жауапкершілікті сезінесіз.
« ҚТЖ» ҰК» АҚ жолаушының порталы:
- анықтамалық ақпаратты қалыптастырады: алыс жүретін пойыздар қозғалысының өзекті кестесі, пойызда бос орындардың болуы, вагонның түріне, орнына, қосымша сервисіне және т. б. байланысты теміржол билетінің құны, пойыздардың Қазақстан Республикасы, сондай-ақ ТМД елдері бойынша жүру бағыты
- халықаралық және республикалық қатынастағы пойыздарға рейстің деректерін өз бетінше таңдауға және теміржол билеттерін онлайн сатып алуға мүмкіндік береді
- қажетті рейске орын болмаған жағдайда күту парағы қызметін пайдалануға мүмкіндік береді,
- электрондық жол жүру құжатының (билеттің) заңдылығын тексеруге мүмкіндік береді,
- электрондық жол жүру құжатының (билеттің) және отырғызу талонының телнұсқасын алуға мүмкіндік береді.
Ерекше көңіл бөліңіз!
Сайтта электрондық жол жүру құжаттарын (билеттерді) ресімдеу жолдамаға сату ашылған сәттен бастап халықаралық және республикаішілік қатынастарда жолаушылар пойыздарына пойыз жөнелтілгенге дейін 45 күн бұрын сағат 07:00 және қала маңындағы қатынастарда жолаушылар пойыздарына 10 тәулік бұрын және бастапқы станциядан пойыз жөнелтілгенге дейін 1 сағаттан кешіктірмей жүргізіледі.
Электрондық билет төленгеннен кейін электрондық жол жүру құжаты (билет) қалыптастырылады.
Электрондық жол жүру құжатын (билетін) қайтару:
- сайтта клиенттің жеке кабинетінде пойыздың жүру маршрутының бастапқы станциясынан пойыздың жөнелтілуіне дейін 1 сағаттан кешіктірмей
- · Қазақстан Республикасының аумағындағы билет кассаларында электрондық жол жүру құжатын (билетін) және белгіленген қайтару мерзімдеріне сәйкес жолаушының жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде.
Сатып алу алдында төмендегі пайдалану және тіркеу ережелерімен мұқият танысуыңызды сұраймыз.
- Жалпы ережелер
- Веб-портал функциялары
- Клиентті Веб-порталда тіркеу
- Теміржол билеттерін Интернет арқылы сатып алу
- Жүру бағытын таңдау
- Күту парағы
- Тапсырыс тарихын қарау
- Сатып алынған билеттерден бас тарту
- Кәмелетке толмаған жолаушылардың жол жүруі
- Компания мен клиенттің міндеттемелері
- Жолаушылар поезының вагонында жүру кезінде жол берілмейді
- 1. Жалпы ережелер
- 1.1. «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Компания) порталын тіркеу және пайдалану ережесі:
- 1.1.1. жолаушылар пойыздарының қозғалысы туралы өзекті анықтамалық ақпаратты тіркеу және алу рәсімі,
- 1.1.2. пойыздарда орындардың болуы,
- 1.1.3. күту парағы функциясын пайдалану,
- 1.1.4. ғаламдық Интернет желісін пайдаланушылардың банктік төлем карталарын (бұдан әрі – төлем карталары) пайдалана отырып, электрондық теміржол жол жүру құжаттарын (бұдан әрі - билеттер) төлеуді жүзеге асыру
- 1.2. Сайт пайдаланушысы 10 күнтізбелік күн ішінде бір есептік жазбаға 10-ға дейін бірегей жолаушыларды ресімдеуге құқылы. Бірегей жолаушылардың көп санын ресімдеген кезде, есептік жазба бұғатталады. (Қалпына келтіру құқығынсыз).
- 1.3. Порталмен жұмыс істейтін барлық адамдар екі санатқа бөлінеді:
Жүйені пайдаланушылар – бұл қажетті бағытқа электрондық теміржол билеттерін сатып алғысы келетін клиенттер, Интернет-сайтқа келушілер. Клиент өз төлем картасы бойынша талап етілетін бағыттарға темір жол билеттерін төлеуді жүзеге асырады.
Жүйе әкімшілері - бұл оперативті бақылау мамандары: Пайдаланушыларды басқару, пойыздар, бағыттар бойынша анықтамалардың мазмұнын және жедел және талдамалық есептілікті қалыптастыратын басқа да жедел ақпаратты бақылау, теміржол билеттерінің қолжетімділігін қарау. Аудитордың функцияларын орындайтын қаржы әкімшісі темір жол билеттерін бір жолғы сатып алуға шектеулер белгілейді, олардан бас тартқаны үшін айыппұл мөлшерін анықтайды.
- 1.3.1. пайдаланушылар (Клиенттер);
- 1.3.2. әкімшілер.
- 1.4. Осы Ережелер Интернет арқылы on-line режимінде төлем картасын пайдалана отырып, электрондық теміржол билеттерін төлеу қызметтерін ұсыну бойынша компанияның офертасы (ұсыныс) болып табылады
- 1.5. Осы Ережеде мынадай терминдер қолданылады:
- 1.5.1. On-line – нақты уақыт режимі
- 1.5.2. АСУ – Компанияның жолаушылар тасымалын басқарудың автоматтандырылған жүйесі
- 1.5.3. Аутентификация – төлем картасының түпнұсқалығын растау операциясы, сондай-ақ Клиент оның заңды ұстаушысы болып табылады
- 1.5.4. Авторизация – сұрау салуды қалыптастыру және транзакция жүргізуге рұқсат алу рәсімі
- 1.5.5. Клиент – Портал арқылы электрондық билеттерді сатып алуды жүзеге асыратын пайдаланушы
- 1.5.6. Логин – Пайдаланушы идентификаторы
- 1.5.7. Пароль - пайдаланушының жеке басын растауға арналған белгілер жиынтығы
- 1.5.8. Платежная карта – электрондық терминалдар немесе өзге құрылғылар арқылы ақшаға қол жеткізу құралы
- 1.5.9. Система – Порталдың жұмыс істеуіне жауап беретін аппараттық-бағдарламалық технологиялар кешені
- 2. Портал функциялары
- 2.1. Портал Клиентіне келесі мүмкіндіктер ұсынылады:
- 2.1.1. анықтамалық ақпаратты (алыс жүретін пойыздар қозғалысының өзекті кестесі, пойыздарда бос орындардың болуы, вагонның түріне, орнына, қосымша сервисіне және т. б. байланысты темір жол билетінің құны, пойыздардың Қазақстан Республикасы, сондай-ақ ТМД елдері бойынша жүру маршруты)
- 2.1.2. порталмен диалог режимінде (jivosite) делдалдарсыз өз бетінше халықаралық және республикаішілік қатынастардағы пойыздарға электронды билеттерді сатып алу, кейіннен пойызға отырғызу (электрондық тіркеуі бар пойыздармен болған жағдайда) немесе қатаң есептегі бланкілерде билеттерді алу үшін жеке келу (электрондық тіркеуі жоқ пойыздармен болған жағдайда) темір жол кассаларына.
- 2.1.3 өз бетінше және делдалдарсыз күту парағы функциясын пайдалану, ол ықтималдықтың кейбір үлесімен еркін сатылымда болмаған жағдайда орынды (а) сатып алуға мүмкіндік береді
- 2.1.4. 10 жолаушыны Жеке кабинетте, деректемелерімен сақтау;
- 2.1.5. электрондық билеттердің және отырғызу талондарының дубликаттарын өз бетінше алу.
- 2.2. Портал Клиентті жүйеде тіркеусіз анықтамалық-ақпараттық жүйе ретінде жұмыс істей алады, бұл ретте жауап келесі деректерді қамтиды:
- 2.2.1. жолаушылар пойыздары қозғалысының өзекті онлайн кестесі
- 2.2.2. жол жүру құны
- 2.2.3. бос орындардың болуы
- 2.2.4. пойыз бойынша ақпарат
- 2.2.5. станциялар бойынша кесте
- 2.2.6. пойыздың жүру бағыты
- 2.2.7. қосымша ақпарат
- 3. Клиентті Тіркеу
- 3.1. Порталда тіркелу үшін «Кіру» мәзірін ашу және тіркеуден өту қажет. Порталда тіркелу кезінде Клиент тиісті жолақтарда өзінің жеке деректерін көрсетеді:
- 3.1.1. Электрондық пошта мекенжайы*- сатып алынған электрондық билет туралы ақпаратты алу үшін пайдаланушының электрондық пошта мекенжайы;
- 3.1.2. Пароль*- пайдаланушы кіруді жүзеге асыратын ойлап тапқан пароль;
- 3.1.3. Паролді қайталау*- осы өрісте қателерді болдырмау үшін паролді қайталау қажет;
- 3.2. Барлық жолақтарды толтырғаннан кейін «Тіркелу» батырмасын басу керек. Нәтижесінде Портал енгізілген деректерге талдау жасайды және деректер базасында пайдаланушының енгізілген идентификаторы бар жазба болған жағдайда, «Осындай идентификаторы бар пайдаланушы Порталда тіркелген» деген ескерту береді. Басқа логинді көрсету қажет
- 3.3. Тіркелгі сәтті тіркелген жағдайда, Клиентке тиісті хабарлама шығарылады.
- 3.4. Парольді және/немесе қолданушының жоқ идентификаторын дұрыс көрсетпеген жағдайда, Портал ескертуді шығарады және есептік жазба деректерін енгізуді қайталауды ұсынады. Парольді бес рет қате енгізгеннен кейін, пайдаланушы бұғатталады. Пайдаланушыны бұғаттаудан шығару үшін оны көрсетілген электрондық пошта мекенжайына жіберілген хат сілтемесі бойынша іске қосу қажет.
- 4. Электрондық билеттерді Интернет арқылы сатып алу
Порталдың негізгі функциясы клиенттерге электрондық билеттерді сатып алу мүмкіндігін беру болып табылады. Электрондық билеттерді сатып алу операциясы 8 кезеңде орындалады:
1) Клиент пойыздың қажетті жүру бағытын (жөнелту станциясы және келу станциясы) және жөнелту күнін көрсетеді. Жүйе берілген критерийлерге түсетін барлық қолжетімді пойыздардың тізімін шығарады. Сондай-ақ Клиент кері жіберу күнін бірден таңдай алады.
2) Пайдаланушы тізімнен белгілі бір түрдегі орынды таңдайды. Жүйе белгілі бір үлгідегі орындардың егжей-тегжейлі тізімін және олар бойынша құнын береді.
3) Клиент орынды таңдайды, сондай-ақ, ол сатып алғысы келетін орындарға басымдықты көрсете алады.
4) Клиент электрондық билеттер ресімделетін жолаушылардың деректерін енгізеді, қажет болған жағдайда Клиент «Жолаушыны есте сақтау» батырмасын басып, сақталған жолаушылар бойынша деректемелерді толтыруды келесі жолы пайдалану үшін, енгізілетін жолаушының деректерін сақтай алады.
5) Клиент тапсырысты рәсімдеу ережесімен танысқаның растайды
6) Клиент электрондық билеттерді төлеуді жүргізетін төлем картасының параметрлерін енгізеді.
7) Жүйе сатып алынатын электрондық билеттер туралы ақпараты бар А4 форматындағы парақта баспа нұсқасын қалыптастырады және оларды клиенттің поштасына жібереді.
8) Клиент кейіннен пойызға отырғызу кезінде, электрондық тіркеумен немесе кассада темір жол билеттерін алу үшін А4 форматты пішімді басып шығарады.
Электрондық билеттердің екі түрі бар:
o электрондық тіркеумен электрондық билеттің формасы;
o тіркеусіз электрондық билет нысаны.
- 5. Жүру бағытын таңдау
- 5.1. Жол жүру бағытын таңдау үшін Клиент іздеу деректерін көрсетуі тиіс:
- 5.1.1. пойыздың жөнелту станциясы (орыс тілінде)
- 5.1.2. пойыздың тағайындалған станциясы (орыс тілінде)
- 5.1.3. жөнелту күні КК/АА (күнтізбеде)
- 5.1.4. КК/АА жөнелтудің кері күні (күнтізбеде). Егер Клиент билеттерді сонда және кері сатып алғысы келсе
- 5.1.5. толтыру міндетті емес: іздеу үшін пойыздың жөнелту уақытының аралығы: аралықтың басы және аралықтың соңы ("түн", "таң", "күн", "кеш")
Назар аударыңыз! Егер жөнелту станциясы мен межелі станциясы Қазақстан Республикасының аумағында болса, билетте Нұр-Сұлтан уақыты көрсетіледі. Егер жөнелту станциясы немесе межелі станция басқа елдерде болса, онда билетте, әдетте, сол немесе өзге елдің жергілікті уақыты (әдетте осы елдің астанасындағы уақытқа қатысты) көрсетіледі. Алайда ерекшеліктер бар: мысалы, Петропавл қаласындағы теміржол станциясы «РЖД» ААҚ юрисдикциясында орналасқан және Мәскеу уақыты бойынша жұмыс істейді.
- 5.2. Бұдан әрі Клиент «Табу» ** батырмасын басып, тармақталған пойыздардың сипаттамасын немесе бағытын көре алады немесе таңдалған пойызға бос орындарды іздеуге көшуі мүмкін. Қолжетімді орындарды қарау үшін «Пойызды таңдау» батырмасына басу қажет
Әрбір пойыз бойынша көрсетіледі:
- 5.2.1. пойыз нөмірі;
- 5.2.2. пойыз бағыты
- 5.2.3. жөнелту уақыты;
- 5.2.4. жолдағы уақыт;
- 5.2.5. келу уақыты. ** Клиент таңдалған бағыт бойынша келе жатқан пойыздар жоқ күнді көрсеткен жағдайда, Портал пойыздардың белгіленген өлшемдер бойынша жүрмейтіндігі туралы ескерту береді және деректерді енгізуді қайталауға шақырады. Деректер дұрыс болған жағдайда Жүйе қол жетімді брондау жүйесін көрсетеді.
- 5.3. Егер Клиент «Кері» опциясын таңдаса, онда ол күнтізбеде екі күнді көрсетуі қажет:
- 5.4. Егер Клиент «Жалғастыру» («А» - «Б»/» «Б» - «В») опциясын таңдаса, онда оған қосымша соңғы жүру станциясын көрсету қажет, егер жөнелту станциясы мен соңғы келу станциясы арасында тікелей теміржол қатынасы болмаған жағдайда осы опция қажет. Жолаушыға жол жүрудің аралық станциясын таңдау кезінде АСТАНА, АЛМА АТА1, АЛМА АТА2, ҚАРАҒАНДЫ, ПЕТРОПАВЛ және т.б. сияқты ірі станцияларды таңдау ұсынылады.
Назар аударыңыз! «Кері» ((«А» - «Б» / «Б» - «А») опцияны пайдаланған жағдайда, Клиент 2 түрлі тапсырысты ресімдейді. Бірінші бағыт бойынша «А» - «Б», екінші бағыт бойынша «Б» - «А».
- 5.5. Орындарды таңдау
- 5.5.1. Жүйе Клиентке пойыздағы Бос орындар туралы келесі ақпаратты ұсынады:
- 5.5.1.1. вагонның нөмірі
- 5.5.1.2. қызмет көрсету классы
- 5.5.1.3. категория
- 5.5.1.4. тасымалдаушы
- 5.5.1.5. 1 орын үшін баға (толық тариф бойынша)
- 5.5.1.6. категория шегінде әртүрлі үлгідегі (төменгі, жоғарғы және бүйірлі) қол жетімді орындардың саны
- Назар аударыңыз! Техникалық себептер бойынша жолаушылар вагондары орындарының орналасу схемаларында өзгерістер болуы мүмкін!
- 5.5.2. Орынды таңдағаннан кейін, клиент жолаушының деректемелерін толтыруға арналған формаға ауысады, сұралатын орындар сату үшін қолжетімді болған жағдайда.
- 5.5.3. Егер пойыз үшін вагондар бойынша шектеулер болса, Портал Клиент орын сатып ала алатын вагондарды ғана көрсетеді
Назар аударыңыз! Сізден төлем картасы туралы ақпаратты көрсету терезесінде Сізге берілетін орындарды Мұқият тексеруіңізді сұраймыз, өйткені орындарды таңдау төлем сәтіне дейін кепілдік берілмейді. Назар аударыңыз! «Экспресс-3» АБЖ-мен жұмыс істеу ережелері бойынша билетті сатып алу кезінде тек орын ауқымын көрсетуге болады, мысалы, егер Сіз 1, 3, 5, 6-орындарды таңдасаңыз, «Экспресс-3» АБЖ 1-ден 6-ға дейінгі аралықта орын резервте қалады және егер барлық орындар бос болса, онда 1, 2, 3, 4-орындарды резервте сақтайды.
- 5.6. Жолаушының дербес деректерін толтыру
- 5.7. Таңдалған орындарды төлеу
- 5.7.1. Барлық өрістерді толтырғаннан кейін «Сатып алу» батырмасына басу керек, «Қазақстан Халық банкі» АҚ – http://www.halykpay.kz сайтында тапсырысты төлеу үшін форма ашылады. Бұл бөлімде Клиент электрондық билеттерді төлеу жүргізілетін төлем картасының деректерін енгізуі тиіс:;
- 5.7.1.1. карта нөмірі (16 таңбалы);
- 5.7.1.2. CVV2 немесе CVC2 мәні (картаның артқы жағындағы 3 таңбалы белгі). Егер CVV2/CVC2 коды көрсетілмесе, оны картаның эмитент банкінен білуге болады;
- 5.7.1.3. картаның әрекет ету мерзімі (YYYYMM форматында)
- 5.7.2. Төлемге Visa және MasterCard халықаралық төлем жүйелерінің стандартын қолдайтын кез келген екінші деңгейдегі банктердің төлем карталары қабылданады. Интернет ресурстары арқылы төлем жасау үшін, Сіздің картаңызда Интернет арқылы төлем жасау мүмкіндігі ашық екендігіне көз жеткізіңіз. Ол үшін Сізге өз банкіңізге хабарласуыңыз қажет.
- 5.7.3. Барлық өрістерді толтырғаннан кейін Төлеу батырмасын басу керек. Нәтижесінде Жүйе тапсырыс деректерін сәйкестікке тексереді. Егер тексеру сәтсіз болса, сайт қателік туралы тиісті хабарлама шығарады және төлем операциясын тоқтатады. Бұл ережелер Клиентке сенім деңгейіне сәйкес төлем бойынша операцияларды жасау лимиттерінің критерийлерін білдіреді.
Назар аударыңыз! Төлемді растау алдында тапсырыстағы енгізілген деректерді міндетті түрде тексеріңіз.
- 5.7.4. Тексеру сәтті болған жағдайда Клиенттің төлем картасынан электрондық билеттерді төлеу жүргізіледі. Тапсырыстың жалпы құны сатып алынатын электрондық билеттер құнының сомасы ретінде есептеледі және клиенттің шотынан автоматты түрде алынып, тасымалдаушының шотына есептелуі тиіс.
- 5.7.5. Бұдан кейін Портал электрондық билеттерді қалыптастырады және оларды тіркеу кезінде көрсетілген пайдаланушының электрондық поштасына жібереді. Сондай-ақ, Клиент электрондық билеттерді Жеке кабинеттен көре алады.
- Назар аударыңыз! Егер электрондық тіркеу қызметі Сіз таңдаған пойызға ұсынылмаса, Сізге жол жүру құжатын (билетті) арнайы терминалмен жабдықталған билет кассасынан Қазақстан Республикасының аумағында ғана алу қажет.
- 5.7.6. Пойызға отыру кезінде жолсерікке көрсету үшін электрондық билетіңізді басып шығарыңыз!
- 5.7.7. Клиенттің шотында жеткілікті қаражат болмаған жағдайда, оған электрондық билеттерді сатып алудан бас тарту туралы хабарлама жіберіледі.
- 5.8. Темір жол билеттерін алу
- 5.8.1. Назар аударыңыз! Сайт арқылы төленген темір жол билеттерін Қазақстан Республикасының аумағында ғана «Жолаушылар тасымалы» Акционерлік қоғамының билет кассаларында немесе темір жол билеттерін сату бойынша жұмыс істейтін жеке агенттіктерде алуға болады.
- 5.8.2. Назар аударыңыз! Петропавл қ. темір жол вокзалының кассасы «РЖД» ААҚ-на жатады және сайтта сатып алынған электронды билетті қатаң есептілік бланкісінде басып шығару мүмкін емес. Петропавл қаласында қатаң есептілік бланкісіндегі темір жол билетін алу үшін Сізге «Жолаушылар тасымалы» Акционерлік қоғамының немесе жеке агенттіктердің билет кассасына жүгінуіңіз қажет.
- 5.8.3. Интернет арқылы төленген жол жүру құжатын алу үшін екі тәсіл бар:
- 5.8.3.1. Клиент билет кассасына жүгінеді және келесі құжаттарды ұсынады:
· Тапсырыс мәліметтері бар А4 форматындағы парақтағы электрондық билетті
· жеке басын куәландыратын құжатты
· Тапсырыс мәліметтеріне сәйкес барлық билеттер үшін жолаушылардың жеке басын куәландыратын құжаттарды
Кассир электрондық билетте көрсетілген пойыз және жолаушылар туралы деректерді «Экспресс-3» АБЖ-гі электрондық билеттің ақпаратымен салыстырып тексереді және олар бірдей болған жағдайда жол жүру құжатын басып шығарады және оны жолаушыға береді. Жүйенің деректер базасында электрондық билеттегі ақпарат сәйкес келмесе, кассир жолаушыға билет беруден бас тартады.
-
Компания жоғарыда көрсетілген тапсырыс алу тәртібін өзгерту құқығын өзіне қалдырады. Тапсырыс алу тәртібінің өзгерістері Порталда Пайдалану ережелерінде немесе Жолаушылар үшін ақпаратта көрсетілетін болады.
5.9. «Электронды жол жүру құжатын (билетті) жол жүру құжатының бланкісінде шығарып алу»
Егер сіз қызметтік қажеттілік бойынша (іссапар) электронды түрде тіркелген электронды жол жүру құжатын (билетін) сатып алсаңыз, келесі ақпаратпен танысуыңызды сұраймыз:
Электронды билеті бар жолаушы іссапар туралы есеп беруі үшін бухгалтерияға сатып алынған электронды билетін, отырғызу талонын және төлем фактісін растайтын құжатты ұсынуы қажет.
Қазіргі уақытта Қоғамның («Жолаушылар тасымалы» АҚ) және Қазақстан Республикасының басқа да тасымалдаушыларының жолаушылар пойыздарының барлық құрамы жолсеріктің мобильді терминалдарымен (МТП) жабдықталған, олардың көмегімен жолсеріктер электронды билеттің заңдылығын тексереді және жолаушының қолына отырғызу талонын береді.
Отырғызу талоны жоғалған жағдайда, жол жүру аяқталғаннан кейін жолаушы www.bilet.railways.kz сайтынан отырғызу талонының телнұсқасын ала алады.
Назар аударыңыз! Егер сіз таңдаған пойызға билетті электронды түрде тіркеу қызметі көрсетілмесе немесе билет басқа транзиттік пойыздарға, оның ішінде халықаралық қатынастағы пойызға сатып алынса, Қоғам отырғызу талонын бермейді.
Сізге электронды билетіңізді Қоғамның билет кассасында АБЖ «Экспресс» жүйесінің қатаң есептегі бланкісінде немесе белгіленген үлгідегі әмбебап бланкіде басып шығарылған жол жүру құжатына (билетке) айырбастау қажет.
- 6. Күту парағы
- 6.1. Күту парағы – таңдалған бағыт пен пойыз бойынша билет болмаған жағдайда, электрондық билетті сатып алу үшін Клиентке электрондық кезекке тұруға мүмкіндік беретін порталдың функционалы.
- 6.2. Клиент орындар сатылған күнді және бағытты көрсеткен жағдайда, Портал жолаушының дербес деректерінің нысанын толтыруды және таңдалған пойызға Электронды билетті кезек тәртібімен сатып алуды ұсынады. Клиентке келесі бетке ауысу үшін «Күту парағында кезекке тұру» батырмасын басу қажет - Электрондық билетті сатып алу мүмкіндігіне өтінімді рәсімдеу.
- 6.3. Өтінімді рәсімдеу үшін Клиент жолаушының міндетті деректемелерінің өрістерін толтыру қажет:
· Жөнелту станциясы
· Келу станциясы
· Пойыз (қалауы бойынша толтырылады)
· Жөнелту уақытының кезеңі (қалауы бойынша толтырылады)
· Вагон түрі (қалауы бойынша толтырылады)
· Ең жоғары құны (қалауы бойынша толтырылады)
· Тариф түрі
· Құжат түрі
· Құжаттың нөмірі
· Тегі, Аты, Әкесінің Аты;
· Телефон
· Азаматтығы
· Жынысы
· Туған күні.
Клиент бірнеше жолаушыларға өтінім жасай алады, ол үшін «Жолаушыны қосу» бастырмасын басу қажет
Өтінімді рәсімдеу аяқталғаннан кейін, Клиент жүйеден жауап алу үшін толтырылған нысанды жіберуі қажет. Келесі терезеде Клиент кезек нөмірі, қорғаныс коды және өтінім мәртебесі көрсетілген сұратымға жауап алады.
- 6.4. Кезек нөмірін алу туралы хабарламаны Клиент жеке кабинетте «Күту парағы» қойындысынан көре алады. Клиентті қызықтыратын поезд немесе бағыт бойынша электрондық билетті сатуға шығарған жағдайда Жеке кабинетте сатып алу мүмкіндігі туралы хабарлама пайда болады. Пайдаланушы табылған орындарды төлеуге келіскеннен кейін жүйе төлем мүмкіндігін растау үшін кезекке тапсырыс береді. Төлем мүмкіндігі туралы растау сайт бетінде көрсетіледі немесе пайдаланушының электрондық поштасына келеді. Төлем мүмкіндігі расталғаннан кейін жүйе Тапсырыс төлеуге 1 сағат береді.
- 6.5. Клиент Күту парағының пайдалану ережелерімен келіскеннен кейін «Қазақстан Халық банкі» АҚ арқылы билетті «Төлеу» батырмасын басуы қажет, «Қазақстан Халық банк» АҚ сайтына өту үшін – www.halykpay.kz. Бұл бөлімде Клиент электрондық билеттерді төлеу жүргізілетін төлем картасының деректерін енгізуі тиіс:
• карта нөмірі (16 таңбалы);
• CVV2 немесе CVC2 мәні (картаның артқы жағындағы 3 таңбалы белгі). Егер CVV2/CVC2 коды көрсетілмесе, оны картаның эмитент банкінен білуге болады;
• картаның әрекет ету мерзімі (YYYYMM форматында).
- 6.6. Төлемге Visa және MasterCard халықаралық төлем жүйелерінің стандартын қолдайтын кез келген екінші деңгейдегі банктердің төлем карталары қабылданады. Интернет ресурстары арқылы төлем жасау үшін, Сіздің картаңызда Интернет арқылы төлем жасау мүмкіндігі ашық екендігіне көз жеткізіңіз. Ол үшін Сізге өз банкіңізге хабарласуыңыз қажет.
- 6.7. Барлық өрістерді толтырғаннан кейін Төлеу батырмасын басу керек. Нәтижесінде Жүйе тапсырыс деректерін сәйкестікке тексереді. Егер тексеру сәтсіз болса, сайт қателік туралы тиісті хабарлама шығарады және төлем операциясын тоқтатады. Бұл ережелер Клиентке сенім деңгейіне сәйкес төлем бойынша операцияларды жасау лимиттерінің критерийлерін білдіреді.
Назар аударыңыз! Төлемді растау алдында тапсырыстағы енгізілген деректерді міндетті түрде тексеріңіз.
- 6.8. Тексеру сәтті болған жағдайда Клиенттің төлем картасынан электрондық билеттерді төлеу жүргізіледі. Тапсырыстың жалпы құны сатып алынатын электрондық билеттер құнының сомасы ретінде есептеледі және клиенттің шотынан автоматты түрде алынып, тасымалдаушының шотына есептелуі тиіс.
- 6.9. Бұдан кейін Портал электрондық билеттерді қалыптастырады және оларды тіркеу кезінде көрсетілген пайдаланушының электрондық поштасына жібереді. Сондай-ақ, Клиент электрондық билеттерді Жеке кабинеттен көре алады.
Назар аударыңыз! Егер электрондық тіркеу қызметі Сіз таңдаған пойызға ұсынылмаса, Сізге жол жүру құжатын (билетті) «Экспресс» жүйесінің терминалымен жабдықталған билет кассасынан Қазақстан Республикасының аумағында ғана алу қажет.
- 6.10. Пойызға отыру кезінде жолсерікке көрсету үшін электрондық билетіңізді басып шығарыңыз!
- 6.11. Клиенттің шотында жеткілікті қаражат болмаған жағдайда, оған электрондық билеттерді сатып алудан бас тарту туралы хабарлама жіберіледі.
- 6.12. «Сайттағы «Күту парағы» арқылы бұрын ресімделген билеттерді тек Қоғамның теміржол кассаларында ғана қайтаруға болады».
- 7. Жеке кабинет
- 7.1. Жеке кабинет - Клиенттің тапсырыстарының тарихын қарау үшін арналған. Клиентке оның тапсырыстарының тарихы бар кесте ұсынылады, онда әрбір жолға бір тапсырыс сәйкес келеді. Электрондық билеттерді Жеке кабинеттің көмегімен жүктеп алуға және қайтаруға болады.
- 7.2. Сондай-ақ, Клиент Жеке кабинетте өз профилінің ақпаратын өзгерте алады және Күту парағында өз өтінімдері туралы ақпаратты және кезектегі өз позициясын көре алады.
- 7.3. Клиент өзінің қаржылық операцияларының тарихын көре алады.
- 7.4. «Жолаушылар» бөлімінде Клиент болашақта электрондық билетті сатып алу кезінде, Жүйенің автоматты түрде өрістерді толтыруы үшін 10 жолаушыға дейін жолаушыны құра алады
- 7.5. Қажетті бағыт пен күнге бос орындар болмаған жағдайда, Портал Клиентке Күту парағы тізіміне тіркелуді ұсынады. Тіркеу кезінде жолаушы пойыздың нөмірін, жөнелту күнін, жөнелту станциясын, жолдану станциясын, вагонның санатын, аты-жөнін және паспорттық деректерін көрсетеді. Күту парағында бос орындар пайда болған кезде, жол жүру деректемелері талданады және олар сәйкес келген жағдайда кезекте бірінші тұрған жолаушыға билетті сатып алу мүмкіндігі туралы хабарлама жіберіледі және көрсетілген уақыт аралығында ақы төлеу немесе сатып алудан бас тарту ұсынылады. Сондай-ақ, жеке кабинетте пайдаланушының күту парағындағы өз позициясын көру мүмкіндігі бар. Клиент сатып алуды жүзеге асыруға келіскен жағдайда, жол жүру құжатын рәсімдеу тек тіркеу кезінде көрсетілген аты-жөніне және паспорттық деректерге ғана жүргізіледі, басқа Клиентке рәсімдеу орындалмайды. Клиент билетті сатып алудан бас тартқан немесе уақыт лимиті шегінде төлем болмаған жағдайда, орын келесі Клиентке жол жүру деректемелерімен сәйкес ұсынылады. Егер тізімде мұндай Клиенттер жоқ болса, орын қайтару кезінде орындарды кідірту алгоритмін ескере отырып, еркін сатуға беріледі.
- 7.6. Назар аударыңыз! Күту парағы Клиентке орынды міндетті түрде сатып алудың ұсынылуына кепілдік бермейді.
- 8. Сатып алынған билеттерден бас тарту
- 8.1. Пайдаланылмаған электрондық жол жүру құжатын (билетін) және тиесілі ақша қаражатын қайтару Жеке кабинеттің көмегімен Порталда жүргізіледі.
- 8.2. Тапсырысты толығымен қайтару билет кассасындағы әмбебап бланкіде жол жүру құжаты берілген электрондық жол жүру құжатын (билетін) қоспағанда, тапсырыстың барлық электрондық жол жүру құжаттары (билеттері) бойынша жүргізіледі. Егер жолаушы жол жүру құжатын билет кассасынан алған жағдайда, құжатты қайтару жолаушы қатаң есептілік бланкісін билет кассасына және жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде жүзеге асырылады.
- 8.3. Назар аударыңыз! Республикаішілік қатынастағы пойыздарға электрондық тіркеумен, сайтта электрондық жол жүру құжатын (билетін) қайтару пойыздың жүру кестесіне сәйкес бастапқы жөнелту станциясынан пойыздың жөнелтілуіне дейін 1 сағаттан кешіктірілмей мүмкін болады. Бұл ереже қала маңында қатынайтын пойыздарға (электричкаларға) қолданылмайды. Толық тапсырысты да, тапсырыстағы электрондық билеттерді де қайтаруға болады.
- 8.4. Балаға арналған электрондық билетті қайтармай, алып жүретін адамның (ересек адамның) электрондық билетін қайтару мүмкін емес екенін ескеріңіз. Баланың электрондық билеттерді қайтарған кезде пайдаланушы кезектілікті ұстануы қажет, алдымен баланың электрондық билетін қайтарып, содан кейін алып жүретін адамның электрондық билетін қайтаруы керекю. Назар аударыңыз! 7 жасқа дейінгі балалары бар жолаушылар орынсыз рәсімдеу арқылы электрондық билетті сатып алған кезде, балаларды отырғызу оларды алып жүретін адамдардың орындарына жүргізіледі, және алып жүретін тұлғалар үшін электрондық билеттерді қайтарған жағдайда, балаларға қосымша тапсырысты ресімдемей, отырғызуға жол берілмейді.
- 8.5. «Қайтару», батырмасын басқан кезде қайтару сомасы туралы жүйелік хабарлама беріледі және ақша қаражатын қайтаруға келісімді растауды өтінеді. Қайтару сомасы «Жолаушылар тасымалы» АҚ және «Қала маңы тасымалы» АҚ тарифтік саясатына байланысты.
- 8.6. 8.6. Назар аударыңыз! Егер қайтару сомасы «нөл» теңгені құраса, төлем жағдайы мәртебені «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ға сәтсіз қайтарылды» деп өзгертеді, себебі қайтаруға қажетті сома жоқ және билет еркін сатуға табысты қайтарылады;
- 8.7. Қайтару рәсімі аяқталғаннан кейін клиентке электрондық билеттің жай-күйі туралы хабарлама беріледі;
- 8.8. Назар аударыңыз! Ақша қаражатын қайтару электрондық билет ресімделген төлем картасына жүргізіледі. Қайтару мерзімі Сіз картаны ұстаушысы болып табылатын банкпен реттеледі және электрондық билеттерді сату бойынша жұмыс сайтына байланысты емес.
- 8.9. Пайдаланылмаған электрондық билетті қайтару электрондық жол жүру құжатын (билетін) немесе электрондық билеттің/тапсырыстың нөмірін және оның жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде белгіленген қайтару мерзіміне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағындағы билет кассасында жүргізіледі. Қайтару толық тапсырысты да, тапсырыстан нақты электронды билетті да мүмкін болады. Тапсырысты толығымен қайтару билеттік кассада жол жүру құжаты берілген электрондық жол жүру құжатын (билетін) қоспағанда, тапсырыстың барлық электрондық жол жүру құжаттары (билеттері) бойынша жүргізіледі. Егер жолаушы жол жүру құжатын билет кассасынан алған жағдайда, қайтару жолаушы осы бланкіні билет кассасына және жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде жүзеге асырылады.
Назар аударыңыз! Билет кассасында пайдаланылмаған электрондық жол жүру құжатын (билетін) пойыздың жүруінің бастапқы станциясынан пойыздың жөнелтілуіне дейін кемінде 1 сағат бұрын республикаішілік қатынастағы пойыздарға электрондық тіркей отырып қайтарған кезде ақша қаражатын қайтару талап қою тәртібімен жүргізіледі.
Пайдаланылмаған электрондық жол жүру құжаттарын (билеттерді) жол жүру құжатында (билетте) көрсетілген станциядан пойыз жөнелтілгеннен кейін 1 сағатқа дейінгі кезеңде қайтарған кезде, жолаушы билет кассасына жеке келген және электрондық билетте көрсетілген жеке басын куәландыратын құжат ұсынылған жағдайда ақшалай қаражатты қайтару талап ету тәртібімен жүргізіледі. Пайдаланылмаған электрондық жол жүру құжатын (билетін) қайтарған кезде банк картасына есепке алуға тиесілі болады:
- 8.9.1. пойыз жөнелтілгенге дейін 24 сағаттан кешіктірмей-жол жүру құжатының толық құны;
- 8.9.2. кемінде 24 сағат бұрын, бірақ пойыз жөнелтілгенге дейін кемінде 6 сағат бұрын - билет құны және плацкарт құнының 50% - ы;
- 8.9.3. пойыз жөнелтілгенге дейін кемінде 6 сағат бұрын, бірақ жолаушы отырғызу станциясынан пойыз жөнелтілгеннен кейін 1 сағаттан кешіктірмей-билеттің құны, бұл ретте плацкартаның барлық құны ұсталады, бірақ жол жүру құнының 30% - нан аспайды;
- 8.9.4. пойыз жөнелтілгеннен кейін 1 сағат өткен соң жол жүру құжаттарын (билеттерді) қайтару жүргізілмейді, ақша қаражаты қайтарылмайды.
- Қала маңындағы қатынастардағы пойызарға ресімделген пайдаланылмаған жол жүру құжаттарын (билеттерін) билет кассасына қайтару кезінде:
- 8.9.5. пойыз жөнелтілгенге дейін 24 сағаттан кешіктірмей жол жүрудің толық құнын алу;
- 8.9.6. 24 сағаттан аз уақыт бұрын, бірақ пойыз жөнелтілгеннен кейін 1 сағаттан кешіктірмей жол жүру құнының 70% - ы қайтарылады;
- 8.9.7. пойыз жөнелтілгеннен кейін 1 сағат өткен соң жол жүру құжаттарын (билеттерді) қайтару жүргізілмейді, ақша қаражаты қайтарылмайды.
- 8.10. Төлемдерді талап ету тәртібімен қайтару.
Қолданушылардан талап ету тәртібімен төлемдерді қайтаруға өтініш сайтта немесе билет кассасында орын қайтарылған жағдайда өтініш бойынша қабылданады. Пайдаланушылардан өтінішті жүктеу сілтемесі
Толтырылған өтініш нысанын келесі мекен-жай бойынша жібере аласыз:
1) Астана қ, Тынышбай ұлы 8, блок "К" 4 этаж – «Северный» жолаушылар тасымалы бойынша аймақтық филиалы тел. 8-(7172) - 614-324
2) Алматы қ., Тобаяков көшесі 2/1 - «Южный» жолаушылар тасымалы бойынша аймақтық филиалы (тел. 8-(727) -296-16-68, 296-12-98);
3) Ақтөбе қ., Станционная көшесі 11В, «Западный» жолаушылар тасымалы бойынша аймақтық филиалы (тел. 8-(7132) -97-64-24, 97-60-22);
4) электрондық поштаға:kensepp@railways.kz. Сіздің өтінішіңіздің электрондық поштаға түсу мәселесі бойынша мына телефон нөмірі бойынша анықтауға болады: 8-7172-600-118 (Кеңсе)
5) билеттерді қайтару тәртібіне қатысты кеңес беру мәселесі бойынша 8-(7172)-600-244, (Жол жүру құжаттарын сатуды ұйымдастыру қызметі), 8-(7172)-600-238 (Бухгалтерия) хабарласыңыздар.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Өтініш мынадай жағдайларда тіркелуге жатпайды:
- өтініш нысанында көрсетілген қосымшалардың болмауы;
- байланыс деректері жоқ (ұялы телефон нөмірі, екінші телефон нөмірі, тұратын мекенжайы (өтініш берушінің кері мекенжайы).
- 8.11. Талап қою тәртіпте қайтаруға өтініштер сондай-ақ Қоғамның билет кассаларында қабылданады.
- 9. Кәмелетке толмаған жолаушылардың жол жүруі
Қазақстан Республикасының Неке және отбасы туралы заңнамасына сәйкес баланың құқықтары мен мүдделеріне қамқорлық пен қорғауды жүзеге асыратын ата-ана, бала асырап алушы, қорғаншы, қамқоршы, патронат тәрбиеші немесе басқа алмастырушы тұлға болып табылатын жолаушы тиісті құжаттары болған кезде:
1) өзімен бірге 7 жастан аспаған бір баланы тегін алып жүреді, егер ол бөлек орын алмаса. 7 жастан аспаған бала жеке орын алу үшін жеңілдікпен жол жүру құжатын (билет) сатып алу қажет. Жолаушымен 7 жастан аспаған бірнеше бала жол жүретін болса, біреуінен басқа, қалған барлық балаларға жеңілдікпен жол жүру құжатын (билет) сатып алу қажет;
2) өзімен бірге 7 жастан 15 жасқа дейінгі балаларды жеңілдік берілген жол жүру құжатымен (балаларға арналған билет) алып жүреді.
7 жастан 15 жасқа дейінгі балалардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жол жүргені үшін ақы ересек жолаушы үшін белгіленген жол жүру құнының 50% мөлшерінде болады.
Басқа темір жол әкімшіліктері құрастырған пойыздармен мемлекетішілік қатынаста жол жүрген кезде 5 жастан 10 жасқа дейінгі балаларға жол жүру құжаты ресімделеді.
15 жастан асқан балалар үшін ересектерге арналған жол жүру құжаттары (билеттері) сатып алынады. Баланың жасы сапар басталған күні анықталады.
Билет кассасына және пойызға отырғызу кезінде баланың жасын растайтын құжат ұсынылады.
Баланың заңды өкілі болып табылмайтын жолаушы билет кассасына және пойызға отырғызу кезінде баланы алып жүру құқығын растайтын құжатты (сенімхатты) көрсетеді.
15 (он бес) жастан 18 (он сегіз) жасқа дейінгі балаларға нотариалды куәландырылған сенімхат түрінде ресімделген заңды өкілінің жазбаша келісімімен ересек адамның еріп жүруінсіз жол жүруге рұқсат етіледі.
Жолаушылар пойызына отырғызу кезінде немесе жол жүру барысында баланың заңды өкілі жеке өзі болған жағдайда, билет кассасына және пойызға отырғызу кезінде баланы алып жүру құқығын растайтын құжатты (сенімхатты) көрсету талап етілмейді.
- 11 Жолаушылар поезының вагонында жүру кезінде жол берілмейді:
Тасымалдау ережесіне сәйкес басқа жолаушылардың қол жүгіне немесе тасымалдаушыға зиян келтіруі мүмкін заттарды, сондай-ақ қарудың барлық түрлері және олардың оқтары, жарылғыш, улы, сасық, жұқтырылған, өрт қаупі бар, тез тұтанатын, өздігінен тұтанатын есірткі және уландырғыш заттарды, оқ-дәріні қол жүгі, багаж, жүк-багаж ретінде тасымалдауға, сондай-ақ сақтауға тапсыруға және қабылдауға жол берілмейді,
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабында қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алғаны, бергені, өткізгені, сақтағаны, тасымалдағаны немесе алып жүргені үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік көзделген.