№ 85/86 "Астана - Шымкент" жолаушылар пойызы бойынша ақпарат
"Жолаушылар тасымалы" АҚ жолаушыларды №85/86 "Астана - Шымкент" (Тальго) пойызынан №1/2 "Алматы 2 - Ташкент" (Тальго) пойызына ауыстырып отырғызғаны туралы хабарлайды.
Бүгін Сары-Шаған – Шу учаскесіндегі №85/86 пойызы техникалық себептерге байланысты тоқтауға мәжбүр болды. Осыған байланысты Шу станциясында осы вагондарға техникалық қызмет көрсетуге жауапты Patentes Talgo компаниясы тиісті техникалық жұмыстар жүргізетін болады.
Осы фактіні ескере отырып, Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларға Тальго вагондарынан құрылған №1/2 "Алматы 2 - Ташкент" пойызына ауысуды ұсынды. Бірінші кезекте ауыстырылған құрамға әйелдер, балалар және транзиттік жолаушылар отыратын болады. Жолаушыларға тегін ыстық тамақ ұйымдастырылды.
"Жолаушылар тасымалы" АҚ жолаушылардан қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды, сондай-ақ ақшалай қаражатты қайтару және өтемақы төлеу жүргізілетінін хабарлайды. Пойызда жүруден бас тартқан адамға жол жүру құнын толық қайтару жүргізіледі. Жол жүру бағытында жол жүру үзілген кезде жол жүру құны жүріп өтпеген қашықтық үшін төленеді. Сондай-ақ, кідірістің әрбір толық сағаты үшін жолаушыларға 3% мөлшерінде өтемақы төленеді, бірақ жол жүру құнынан аспайды.
Өтемақыны "Жолаушылар тасымалы" АҚ билет кассаларынан алуға болады.
Анықтамалық ақпарат "1433" тегін нөмірі және "Ktzh_pp_bot" Телеграмм боты арқылы алуға болады.
"Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі