САЯХАТШЫ – МҮМКІНДІКТЕР КӨП, ШЫҒЫНДАР АЗ

Жеңілдіктер мөлшері: САЯХАТШЫ –20%

Жеңілдіктер картасын алу шарттары:

Соңғы 12 ай ішінде коммерциялық пойыздармен/вагондармен (төменде көрсетілген пойыздар тізіміне сәйкес):

- 200 001 теңге сомасынан асса, жол жүру құнына, төсек-орын жабдығын есептемегенде, 20% жеңілдік беретін «Саяхатшы 20%» картасын алыңыз.

Жарамдылық мерзімі: сатып алынған сәттен бастап 2 жыл

Жеңілдіктер картасы төменде көрсетілген коммерциялық пойыздарға қолданылады (Карта тек ҚР аумағында ғана қолданылады)

Пойыздардың 2024 жылға арналған қозғалыс кестесіне сәйкес пойыздар тізбесі:

Пойыз
1/2 (Тальго)
3/4 (Тальго)
9/10 (Тальго)
11/12 (Тальго)
25/26 (Тальго)
27/28 (Тальго)
29/30 (Стандарт)
31/32 (Тальго)
41/42 (Тальго)
68/67 (Тальго)
71/72 (Тальго)
73/74 (Тальго)
86/85 (Тальго)
 

Бағыты
Алматы-2 - Сарыағаш
Нұр-Сұлтан-НЖ - Алматы-2
Нұр-Сұлтан-1 - Алматы-2
Алматы-2 - Шымкент
Алматы-2 - Шымкент
Алматы-2 - Орал
Алматы-1 - Атырау
Алматы-2 - Павлодар
Алматы-2 - Атырау
Нұр-Сұлтан-НЖ - Өскемен-1
Нұр-Сұлтан-НЖ - Шымкент
Алматы-2 - Жезқазған
Нұр-Сұлтан-НЖ - Шымкент
 

Вагон түрі (қызмет көрсету класы)*

Гранд (1Э), Бизнес (1Б)
Гранд (1Э), Бизнес (1Б)
Гранд (1Э), Бизнес (1Б)
Гранд (1Э), Бизнес (1Б)
Гранд (1Э), Бизнес (1Б)
Гранд (1Э), Бизнес (1Б)
Купе (2К, 2Л, 2У), Плацкарт (3П, 3Д, 3Л)
Гранд (1Э), Бизнес (1Б)
Гранд (1Э), Бизнес (1Б)
Гранд (1Э), Бизнес (1Б)
Турист-купе(2Д),Гранд (1Э),Бизнес (1Б),Гранд PMR (2Б)
Гранд (1Э), Бизнес (1Б)
Гранд (1Э), Бизнес (1Б)
 

 

Сондай-ақ «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы жазғы тасымал кезінде, мереке және мереке қарсаңындағы күндері тағайындайтын коммерциялық пойыздарға да қолданылады.

Қолданыстағы тізімге өзгерістер енгізуге болады. Сұрақтар туындаған жағдайда, толық ақпарат алу үшін «1433» бірыңғай байланыс орталығына хабарласыңыз.

* https://bilet.railways.kz/post/train-park 

Картаны екі жолмен ресімдеуге болады:

1. «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының темір жол вокзалдарында орналасқан билет кассаларына жүгіну арқылы.

2. Төменде берілген нысандағы өтінішті жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесімен бірге тиісті электронды мекен-жайларға жіберу арқылы.

Электронды мекен-жайлар:

 

Атауы

 

E-mail

байланыс нөмірлері

«Батыс» филиалы:

Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Бейнеу,

Орал, Қызылорда, Қандыағаш,

Шалқар және басқалар.

Sbk_aktobe@mail.ru

8 (7132) 97-64-24

 

 

 

«Оңтүстік» филиалы:

Алматы, Шымкент, Түркістан, Тараз,

Шу, Семей, Өскемен, Талдықорған,

Қонаев, Аягөз, Ақтоғай, Үштөбе, Жетіген,

Алтынкөл және басқалар.

Sektor_2010@mail.ru

8 (7272) 96-12-98

 

 

 

«Солтүстік» филиалы:

Астана, Қарағанды, Қостанай, Көкшетау,

Петропавл, Жезқазған, Бурабай курорты,

Балқаш, Сарышаған, Жарық, Ерментау,

Екібастұз, Тобыл және басқалар.

LVRS_BK@mail.ru

8 (7172) 61-43-23

Жеңілдіктер картасын «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының темір жол вокзалдарында орналасқан билет кассасынан алу қажет, бұл ретте өзімен бірге ЖСН бар ҚР азаматының жеке басын куәландыратын құжаты болуы қажет.

Карта бір адамға ғана ресімделеді, арнаулы болып табылады және оны басқа адамдарға беруге тыйым салынады, айырбастауға, қайтаруға және қалпына келтіруге жатпайды.

Жол жүру құжаттарын (билеттер) сатып алу:

Кассадан билет сатып алу кезінде «Саяхатшы» картасын көрсетесіз немесе билетті «bilet.railways.kz» сайтынан онлайн режимде ресімдеген кезде дисконт картасының артқы жағындағы 13 таңбалы кодты енгізесіз.

Берілетін жеңілдікті тәулігіне бір рет бір бағытқа немесе бір бағытқа «барып-қайту» кезінде  пайдалануға болады