"Жолаушылар тасымалы" АҚ 2022 жылғы 5-19 қаңтар аралығында Интернет байланысы болмаған кезеңде тасымалдаушының қызметтерін пайдаланған жолаушыларға іс-сапар шығыстарын есептеу үшін отырғызу талонының орнына электрондық шот-фактура берілетінін хабарлайды.
Электрондық шот-фактураны алу үшін "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ға kensePP@railways.kz электрондық поштаға толық деректерді көрсете отырып (алушының Т.А.Ә., электрондық поштасының мекенжайы) жеке басын куәландыратын құжаттың және жол жүру құжатының (билетінің) көшірмелерін қоса бере отырып жазбаша өтініш жіберу керек.
Аталған шара тек «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарына ғана қатысты.