Тақырыптық жаңажылдық электр пойызы Щучье-Бурабай курорттық аймағына 16,3 мыңнан астам жолаушыны жеткізген. Жаңажылдық дизайндағы электр пойызы 2022 жылдың 22 желтоқсанында рейске шыға бастаған болатын. Жаңажылдық экспресс Астана-Курорт-Бурабай бағыты бойынша соңғы сапарды 15 ақпанда жасайды. Жолаушыларға қызмет көрсету үшін 6 вагон тартылды.
Алғаш рет жаңа жылдық мерекелерге арналған тақырыптық құрам 2020 жылы жолға шықты және оны жолаушылар жылы қабылдады.