Тальго вагондарынан құрылған «Алматы - 2-Орал» жолаушылар пойызының жүруін қысқарту туралы

«Жолаушылар тасымалы» АҚ ауа-райының қолайсыздығына байланысты 2022 жылғы 8 желтоқсанда Тальго вагондарынан құрылған «Алматы – 2-Орал» қатынасындағы №51 жолаушылар пойызының жүруін Ақтөбеге дейін қысқарту туралы хабарлайды.

Ақтөбе – Орал бағыты бойынша ағымдағы жылдың 8 желтоқсанында Ақтөбе мен Орал қалаларынан жөнелту арқылы стандартты вагондардан қалыптастырылған №505/506 біржолғы пойыз тағайындалады.

Жол жүруден бас тартқан жолаушыларға жол жүру құнын толық қайтару жүргізіледі. Стандартты вагондардан құрылған пойызбен сапарлаған  жолаушыларға билет құнының айырмасы төленетін болады.

Ұлттық тасымалдаушы келтірілген қолайсыздықтар үшін жолаушылардан кешірім сұрайды.

  

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі