«Жолаушылар тасымалы» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) 2018 жылдың 19 маусымынан бастап (00-00-де Астана уақытымен) қайтарылған жол жүру құжаттары (билеттері) үшін ұсталатын комиссиялық алымның сомасы ҚҚС-ты қоса есептегенде 1000 теңге болып белгіленгені туралы хабарлайды.
Бұл шара жолаушылар тарапынан теріс пайдаланушылықты алдын алу, табысты жоғалту тәуекелін төмендету, сондай-ақ Қоғамның жалпы пайдасын арттыру мақсатында қабылданып отыр.
Жоғарыда аталған комиссиялық алым Қоғамның құрған барлық поездары мен бөтен темір жол әкімшіліктерінің поездарына белгіленді.
Сонымен қатар, қайтару жағдайында сомасы 1000 теңгеден кем болса, комиссиялық алым ұсталмайтынын хабарлаймыз.
Сіздің bilet.railways.kz