2022 жылғы 15 мамырдан бастап Өзбекстан Республикасымен халықаралық жолаушылар пойыздарының жүруін кезең-кезеңімен қайта қалпына келтіруге рұқсат етілді:
- 2022 жылдың 15 мамырынан бастап «Нөкіс-Бейнеу" бағытындағы №647/648 пойызы аптасына 3 рет қатынайтын болады. Қосымша вагондар жолаушылар ағыны ұлғайған кезде ғана құрамға бекітілетін болады;
- 2022 жылдың 16 мамырынан бастап «Алматы-Ташкент» бағытындағы №1/2 Тальго пойызы аптасына 3 рет қатынайтын болады.
Билеттер құны мемлекетаралық тариф бойынша белгіленген. Бағаларды www.bіlet.railways.kz. сайтынан нақтылауға болады
27.04.2022 жылғы шешімді Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық індеттің пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия қабылдады. Бұл ретте «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттеріндегі шектеу іс-шаралары туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 29.04.2022 жылғы №21 қаулысында жазылған талаптар сақталуға міндетті.
Қазақстандықтар мен шетел азаматтарының елге темір жол көлігімен кіруі үшін бұрынғыдай теріс нәтижесі бар COVID-19-ға ПТР тестілеуден өткені туралы анықтаманың болуы міндетті. Ол берілген күннен бастап 72 сағаттан аспауы тиіс. Немесе коронавирустық індетке қарсы вакцинацияның немесе қайта егілудің толық курсынан өткені туралы паспорт ұсыну қажет (соңғы мөлшерді алғаннан кейін 6 айдан аспайтын мерзім). Егер жолаушылар ПТР тестінің нәтижелері немесе COVID-19 вакцинациясының паспорты болмаса, вагонға отырғызуға жіберілмейді.
Анықтаманы ұсыну:
- 5 жасқа дейінгі балаларға егер оларды ертіп жүретін адамдарда осындай анықтама болған жағдайда,
- Қазақстан Республикасы үкіметтік делегацияларының мүшелеріне,
- локомотив бригадаларының мүшелеріне, теміржол, теңіз және өзен көлігінде тасымалдау қызметіне байланысты адамдарға,
- егер екінші компонентті алғаннан кейін Қазақстан Республикасының шекарасын кесіп өткен сәтте алты айдан аспаған болса, құжаттық растауды ұсынған кезде Қазақстан Республикасында қайта екпе қабылдаған немесе COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған адамдарға,
- Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп танылған, COVID-19-ға қарсы вакцинация туралы паспорт/сертификат/анықтама ұсынған адамдарға талап етілмейді.
Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты «1433» нөмірі бойынша және Bilet.railways.kz. сайтынан алуға болады