2023 жылдың бірінші тоқсанында «Жолаушылар тасымалы» АҚ жол жүру құжаттарын электрондық сату жүйесі арқылы жолаушылар пойыздарына 3,9 млн-нан астам билет сатты. Бұл көрсеткіш 18%, яғни 2022 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 600 мың билетке өсті. Онлайн-сатудың үлесі 70%-тен асады.
Темір жол билетін «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның BILET.RAILWAYS.KZ сайты мен «ҚТЖ билеттері» мобильді қосымшасы арқылы комиссиясыз сатып алуға болады.