2022 жылғы 11 желтоқсанда Астана уақыты бойынша сағат 00.00-де «Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушылар пойыздары қозғалысының 2022-2023 жылдарға арналған жаңа нормативтік кестесін енгізеді.
Кестеде өзгерістер қарастырылған:
1) пойыздардың жүру маршруттары:
- № 45/46 Павлодар-Түркістан, Павлодар-Шымкент орнына;
- №613/614 Орал – Бейнеу, Орал-Құлсары орнына.
2) аралық станциялар:
- №83/84 Қарағанды-Самара Нұрлы жол арқылы, Нұр-Сұлтан – 1 орнына;
- 145/146 Қарағанды-Омбы Нұрлы жол арқылы, Нұр-Сұлтан – 1 орнына;
- №113/114 Алматы-2-Қазан Нұрлы жол арқылы, Нұр-Сұлтан – 1 орнына.
3) пойыздарды нөмірлеу:
- №5/6 орнына № 305/306 «Ташкент-Самара»;
- №17/18 орнына №317/318 «Бішкек-Самара»;
- №137/138 орнына № 337/338 «Алматы–2 – Достық»;
- №149/150 орнына № 449/450 «Ташкент–Астрахань»;
- №323/324 орнына №123/124 «Ташкент-Волгоград»;
- №315/316 орнына №143/144 «Ташкент-Қазан»;
- №333/334 орнына № 115/116 «Ташкент-Саратов»;
- №349/350 орнына № 149/150 «Ташкент–Астрахань»;
- №305/306 орнына №405/406 «Бішкек–Шу–Қазан».
Пойыздардың жүру кестесі жыл бойына созылады.