«Перроннан үйге дейін» қызметі енгізілген сәттен бастап №3/4 «Алматы – Астана» және №85/86 «Шымкент – Астана» пойыздарының 900-ден астам жолаушысы осы қызметті пайдаланды.
Бұл жоба Астана қаласы бойынша жолаушыларды пойыздан үйге дейін жайлы шағын автобустармен тасымалдауды көздейді. Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін автокөлік «Нұрлы жол» теміржол вокзалы кешенінің №2 келу залынан күтіп алады.
Жолаушыларға бұл қызметті пайдалану үшін вагондарындағы QR кодын сканерлеп, қажетті мекен-жайды көрсету және қызметке ақы төлеу жеткілікті. Сонымен қатар, жолаушылар «http://uvu.kz/ktzmain» веб-сайты, «Ktzh_pp_bot» Телеграмм боты, сондай-ақ https://wa.me/message/V2Z6NZNX5VRFF1 және 8 (702)616 96 30 нөміріндегі WhatsApp арқылы вокзалдан үйге трансферді өз бетінше сатып ала алады.
Болашақта мұндай қызмет жолаушыларға «Есіктен есікке дейін» сапарын қамтамасыз ете отырып, бір бағыт шеңберінде автобус және теміржол көліктерімен жол жүруді ресімдеуге мүмкіндік береді. Бұл жолаушыларға балама нұсқаларды іздеуге және көліктің әр түрі арасындағы түйісулердің ыңғайлысын таңдауға уақытты едәуір қысқартады, сондай-ақ Қазақстан қалалары бойынша саяхаттау мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Естеріңізге сала кетейік, интермодальды тасымалдауды дамыту аясында «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның 900 астам жолаушысы пайдаланған «Трансфермен жол жүру» онлайн-сервисін іске қосқан болатын. Тікелей байланыс немесе бос орындар болмаған жағдайда, функция пойыздан пойызға ауысатын маршрутты таңдауға мүмкіндік береді.