Алматы станциясында өрт сөндіру пойызының қатысуымен жолаушылар вагонынан шыққан өртті сөндіру бойынша жоспарлы өрт сөндіру-тактикалық оқу-жаттығулары болып өтті. Өртті сөндіруге «Жолаушылар тасымалы» АҚ мен «Южный» өңірлік филиалының, «ҚТЖ - Жүк тасымалы» ЖШС, «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Алматы магистральдық желі бөлімшесі» филиалының қызметкерлері, ТЖМ және денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлері қатысты. Іс-шараның мақсаты – өртті жою бойынша бірлескен іс-қимылдарды пысықтау.
Тактикалық ойластырылғандай өрт отты дұрыс пайдаланбау нәтижесінде тұтанған. Барлық қатысты бөлімшелер өрт орнына жедел жетіп үлгерді. Келісілген әрекеттер арқасында шартты өрт 17 минут ішінде сөндірілді. Оқу-жаттығудың барлық міндеттері мен мақсаттары орындалды.
Шартты өртті сөндіруге 61 маман мен бір өрт сөндіру пойызы қатыстырылды.