Ресей Федерациясына дейін жүретін халықаралық қатынастағы пойыздарға жол жүру құжаттарын (билеттер) ресімдеу

Ресей Федерациясына дейін жүретін халықаралық қатынастағы пойыздарға жол жүру құжаттарын (билеттер) ресімдеу үшін билет кассаларына жүгінетін жолаушыларға (Украина азаматтарына) шектеу қойылғаны, оның ішінде шекара қызметтері тарапынан шекарадан өтуге жол берілмейтіні туралы ақпарат.

 

Ресей Федерациясы Үкіметінің өкіміне сәйкес Ресей Федерациясына өздері немесе Ресей Федерациясының азаматы болып табылатын заңды өкілімен (қамқоршы, қараушы) бірге баратын, жасы 14 толмаған Украина азаматтарынан басқа, Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасынан өткізу пункттеріне үшінші бір ел, мемлекет аумағынан келген Украина азаматтарының Ресей Федерациясына кіруіне уақытша шектеу енгізілді.

Украина азаматтары үшінші бір елдің аумағынан Ресей Федерациясы аумағына Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасындағы көпжақты өткізу пункттері арқылы кіре алады, яғни:

әуе көлігімен – Мәскеу (Шереметьево әуежайы);

автокөлікпен – Лудонка, Псков облысы.

Халықаралық жолаушылар қатынасы туралы келісімнің 40-бабына сәйкес Тәуелсіз Мемлекеттер достастығына қатысушы мемлекеттерде, Грузия, Латвия Республикасы, Литва Республикасы, Эстон Республикасында  оның жекелеген нормаларының қолданылу ерекшеліктерін (ХЖҚК ҚЕ) ескерсек, жолаушы, багаж немесе жүк багажын жөнелтуші және алушы халықаралық қатынастағы темір жол көлігімен жол жүру кезінде өзіне, өзінің қол жүгіне, багажы мен жүк-багажына және тасымалданатын үй жануарларына (иттер, мысықтар, құстар). қатысты белгіленген паспорт-әкімшілік (оның ішінде визалық), кедендік және басқа да ережелерді сақтауға міндетті. Тасымалдаушы темір жол көлігі саласындағы халықаралық келісімдерде белгіленген ережелерден басқа, жоғарыда көрсетілген ережелердің сақталуын бақылауға құқылы емес, сондай-ақ жолаушының, багаж немесе жүк багажын жөнелтуші мен алушының осы ережелерді орындамағаны үшін жауапты болмайды