2022 жылдың 21 қыркүйегінде сағат 04.27-де "Алматы-Петропавл" қатынасындағы № 105 жолаушылар пойызы «Қарағанды-Астана» учаскесінде шұғыл аялдама жасады. Себеп: техникалық вагонның ақаулығы.
Пойыздағы жолаушылар саны - 184. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
"Жолаушылар тасымалы" АҚ жол жүру құжаттарына сәйкес жолаушылардың межелі орындарына дейін жетіп алуы үшін тоқтатылған құрамдағы жолаушыларды жөнелтуді ұйымдастыру мәселелерімен айналысуда.
Осы пойыз жолаушылары №105 (184 жолаушы) Мырза Шоқай аралығынан Астанаға дейін жетіп алуы үшін №3/4 Алматы – Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол (Тальго) пойызына отырғызылады.
Бурабай, Көкшетау және Петропавл Курорт станцияларына баратындарға Астана станциясынан Петропавл станциясына дейін стандартты вагондардан (4 купе вагоны) жеке құрам ұйымдастырылды;
26.09.22 ж. дейін №105/106 Алматы-2 – Петропавл пойызы 2 рейске тоқтатылды.
21.09.22 ж. №77098 ақаусыз техникалық вагоны бар КЗ-03 құрамы резервтегі №70210 техникалық вагонмен ауыстыру және құрамдағы барлық вагондарды техникалық байқаудан өткізу үшін Астана ст. Тальго ТҚО-ға жеткізілетін болады.
Тексеру жүргізу үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ комиссиясы құрылды.