Жолаушы пойыздарының қатынау жиілігі ұлғаяды

ҚР Ведомствоаралық комиссиясының 2021 жылғы 16 маусымдағы шешіміне және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 2021 жылғы 18 маусымдағы хатына сәйкес келесі жолаушылар пойыздарының жүру жиілігі артады:

* №68/67 «Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Өскемен-1» аптасына 1 рет орнына Нұр-Сұлтан - Нұрлы жолдан 23.06.2021 ж. бастап күн сайын жүретін болады. 

* №351/352 «Алматы-2 – Өскемен-1» күнара қатынаудың орнына Алматы-2-ден 23.06.2021 ж. жөнелтіліп, күн сайын қатынайтын болады.

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша барлық өзекті ақпаратты «105» нөмірі бойынша, Bilet.railways.kz сайтынан және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ аккаунттарынан алуға болады:

https://www.facebook.com/railways.kz,

https://www.instagram.com/railways.kz,

https://www.facebook.com/qazrailways,

https://www.instagram.com/bilet.railways.

Коронавирустық инфекцияның таралуы кезінде Bilet.railways.kz және «ҚТЖ билеттері» мобильді қосымшасын пайдалана отырып жолаушылардан теміржол билеттерін сайтта онлайн рәсімдеуді сұраймыз, вокзалдар аумағында және пойыздар ішінде бетперде режимін сақтау қажет.