Қазақстан мен Ресей теміржол әкімшіліктері арасындағы екіжақты уағдаластық негізінде 2022 жылғы 20 сәуірден бастап «Атырау-Астрахань» қатынасындағы №625/626 халықаралық жолаушылар пойызы қатынайды. Құрам ағымдағы жылдың 20 сәуірінен бастап жұп күндері, ал Астраханнан Атырауға - 2022 жылдың 21 сәуірінен тақ күндері күнара жиілігімен жөнелтіледі.
Қазақстандықтар мен шетел азаматтарының елге теміржол көлігімен кіруі үшін бұрынғыдай теріс нәтижесі бар COVID-19-ға ПТР тестілеуден өткені туралы анықтаманың болуы міндетті. Ол берілген күннен бастап 72 сағаттан аспауы тиіс. Немесе коронавирустық індетке қарсы екпе алғаны немесе ревакцинацияның толық курсынан өткені туралы паспорт ұсыну қажет (соңғы мөлшерін алғаннан кейін 6 айдан аспайтын мерзім). Естеріңізге сала кетейік, бұл ҚР ведомствоаралық комиссиясының шешімі. Егер жолаушыда ПТР тестінің нәтижелері немесе COVID-19 вакцинациясының паспорты болмаса, онда ол вагонға отырғызуға жіберілмейді.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ өз жолаушыларына адамдар көп жиналатын жерлерде бетперде кию тәртібін сақтауға кеңес береді.
Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты «1433» нөмірі бойынша және Bilet.railways.kz.сайтынан алуға болады